Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті

ресми интернет-ресурсы
Телефон
+7 (7172) 27-44-59

Тәуелсіздік күніне орай

Қазақстан Республикасы биылғы жылы Тәуелсіздіктің 27 жылдығын атап өтуде. Ұлттық мереке қарсаңында Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен "Резерв" РМК-да кәсіпорын қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

ҚАӨМ Мемлекеттік материалдық резервтер Комитет төрағасы

Б. З. Иманалиев қызметкерлерды құттықтап, материалдық резерв саласын дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградаларды табыс етті.

        «Еңбек ері» медалімен «Резерв» РМК «Высота» филиалының директоры Ә. Жақановқа, «Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен «Резерв» РМК күрделі құрылыс бөлімінің бастығы Ш.Т.Ойнароваға, «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалімен кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Д.Ж. Омарғалиева марапатталды.

Жемісті еңбегі үшін Құрмет грамотасы Комитеттің Мемлекеттік материалдық резервті есепке алу және бақылау басқармасының сарапшысы

М.Х. Ербатыровқа, Комитеттің Заң басқармасының сарапшысы Б.О. Жанзаққа, «Резерв» РМК заң басқармасының жетекші маманы Ж. Айтуғанға, кадр жұмысы бөлімінің бас маманы Ж. К Ильясоваға, Технологиялық қамтамасыз ету және есеп басқармасы Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу бөлімінің бас маманы М.Е. Елеуқұловаға тапсырылды.

Алғыс хаттарды «Резерв» РМК Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасы Бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы  А. А. Ыдрышева, қаржы және экономика бөлімінің бас маманы М. С. Сүлейменоваға берілді.

Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында "Нұр Отан" партиясының мүшелері Ж.К .Сақаеваға, Д.А. Ойратовқа, Б.Т Темірбекке, А Б.Сейтімбетоваға билеттер табыс етілді.

ҚР ҚАӨМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің қызметкерлері Б. Б. Тәңірбердиев және М.Х. Ербатыров салтанатты түрде мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.

Қызметкерлер мемлекеттік материалдық резервтің еңбек ардагері

М.Б. Мағұловтың Тәуелсіз Қазақстан экономикасының қалыптасуының алғашқы жылдары туралы естеліктерін қызығушылықпен тыңдады.

Б.Т. Темірбек.-Тәуелсіз Қазақстанның құрдасы ретінде өз сөзінде қазіргі таңда біздің мемлекетте жас мамандардың дамуы мен өсуі үшін көптеген мүмкіндіктер мен перспективалар бар екенін атап өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасындағы өмірдің барлық салаларындағы жетістіктер мен үздік өзгерістер туралы деректі фильм көрумен аяқталды.

© 2016
 

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


Материалдық резервтер комитеті